Қазақстан-Франция әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің соңғы жобасына 2016 жылы қол қойылады
«Қазақстаннан барған делегацияға Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі Альберт Рау жетекшілік етті. Өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес, екі тарап та елдер арасында аптасына 3 реттен тұрақты рейстер орындауға құқылы. Еске сала кетейік, 2015 жылғы 29 наурызда «Эйр Астана» авиакомпаниясы Астана - Париж бағдары бойынша тұрақты рейс ашқан болатын. Оның алдында, 2014 жылғы қазанда авиациялық биліктер Қазақстан және Франция үкіметтері арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге 2016 жылғы 30 маусымға дейін қол қойылатындығы жөнінде келіскен болатын. 2015 жылғы 1 сәуірде Келісімнің қазақ тіліндегі жобасына келісу үшін мемлекеттік органдарға (ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ) жолданды»,-делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Айта кетейік, биылғы жылдың 28 мамырында ҚР Қаржы министрлігі өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын берді. Осы орайда Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің ҚР ҚМ-нің ескертпелерін ескерген жаңа мәтініне 2016 жылғы маусымның аяғында қайтадан қол қойылуы тиіс. Бұл тұрғыда келісімге қол қоюға байланысты жұмыс үдерісі аяқталған жоқ. Қазақстан тарапының бастамасы бойынша авиация басшыларының келесі кездесуі биылғы жылғы 19-23 қазанда ICAN 2015 ICAO конференциясының аясында өтеді.