Қазақстан Франциядан «Airbus» ұшағын жеткізу үрдісін жылдамдатуды сұрайды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Франциядан «Airbus» ұшағын жеткізу үрдісін жылдамдатуды сұрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Францияның көлік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Тьерри Марианмен арадағы кездесу барысында айтты.

«Біздің «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушының 6 «Airbus» сатып алу келісім-шарты бар. Оның алғашқысын жеткізу 2012 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы бізде үлкен мемлекеттік мереке - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Біз бірінші «Airbus» ұшағын ағымдағы жылы жеткізу мәселесін жұмыс тәртібінде қарауды қалар едік», - деді Б.Камалиев.

Өз кезегінде ЕАDS компаниясының бас директоры Бриджит Флок ұшақты жеткізу мәселесі оның дайын болуына байланысты екендігін әрі құрастыру жұмыстарының күрделі болатындығын атап өтіп, дегенмен бұл мәселені қарастыруға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар