Қазақстан Франциямен бірлесіп энергетика, электротехника саласында мамандар дайындайды

ЛМАТЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанда энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар дайындауға арналған Қазақ-Француз орталығы ашылады.
None
None

Бүгін Алматыда осы бағытта Францияның Білім және ғылым министрлігі, «Schneider-Electric» компаниясы және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ арасында үшжақты келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімге сәйкес орталық Қазақ ұлттық техникалық университеті жанынан ашылады. Шараға қатысқан Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертоннэнің айтуынша, бұл орталықты құру туралы келісімге екі мемлекет басшыларының 2009 жылғы қарашада Астанадағы ресми кездесу барысында қол жеткізілген. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұхаметқали Сарыбековтың сөзіне қарағанда, орталық «Шнайдер Электрик» компаниясы жеткізген заманауи техникалармен, зертханалармен жарақтандырылады. «Орталықта сабақ берушілер арнайы даярлықтан өтеді», дейді М.Сарыбеков.

Соңғы жаңалықтар