Қазақстан Германиядан инвестицияларды одан әрі тиімді тартуға мүдделі - ҚР Премьер-Министрі
«Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық ынтымақтастығын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды есепке ала отырып, өзара тиімді экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Біздің өзара қарым-қатынасымызға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ақпан айында Берлинге жасаған сапарының барысында қол жеткізілген саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы уағдаластықтар елеулі серпін берді. Жалпы сомасы 4,5 миллиардқа жуық еуроны құрайтын 50-ге жуық экономикалық құжаттардан тұратын, біздің еліміздің экономикасына тартылатын жаңа неміс технологиялары мен инвестицяларының ағынын қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер топтамасына қол қойылды», - деді С.Ахметов.
Оның айтуынша, сапар барысында Қазақстан мен Германия Үкіметтерінің арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін жағдайларды құратын шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қою ерекше маңызды болды.