Қазақстан Германияны Еуропадағы және әлемдегі басты әріптес ретінде қарастырады - С.Ахметов

БЕРЛИН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Германияны Еуропадағы және әлемдегі басты әріптес ретінде қарастырады. ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов ГФР Сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен кездесуі барысында осылай мәлімдеді.
None
None

«Мен өзімнің Германияға - жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге ықпалы зор елге жасаған бұл сапарыма ерекше мән беріп отырмын. Біз Германияны еліміз үшін Еуропадағы және әлемдегі басты әріптес ретінде қарастырамыз. Біздің елдер арасындағы қатынас соңғы жылдары қарқынды әрі жемісті даму үстінде», - деді С.Ахметов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстан және Германия көшбасшылары екі ел арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына айрықша рең беруде. Атап айтқанда, жоғарғы деңгейдегі сапарлар алмасу жиілей түсті. Ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша саяси мүдделердің ортақтығы қазақстандық-германиялық қарым-қатынастарды дамыту және нығайтуға сенімді негіз болары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум