Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беруде

АСТАНА. 6 мамыр. Қазақпарат - Батыс Қазақстан облысында орын алған кездейсоқ апат барлық ел азаматтарының көңіл-күйін түсіріп, жан дүниесін күйзелтіп өтті.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасына үн қосып су басудан зардап шеккендерге материалдық көмек ұйымдастыруда., деп хабарлады Ассамблеяның баспасөз қызметі.

2011 жылғы 18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVII сессиясы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде республикалық көмек көрсету қорына бір күндік жалақыны аудару туралы шешім қабылданды. Ассамблеяның және облыстар, Алматы және Астана қалалары ассамблеяларының мүшелері арнайы қайырымдылық қорына бір күндік жалақысын аударды.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктер, зардап шеккендерге көмек ретінде түрлі бағыттар бойынша 17 млн. 700 мың теңге жинап, жолдады.

Этномәдени бірлестіктер қаржылай көмек көрсету жөніндегі арнайы қорға өз көмектерін аударуды жалғастыруда. Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынан зиян шеккендерге көмек қаражатын жинау үшін ашылған қайырымдылық есеп шотының реквизиттері: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ҚҚ, СТН 620300316457, БИН 090240010377, шот нөмірі KZ91319Y010003922591, БИК - ABKZKZKX. Астана қаласындағы «БТА банкі» АҚ «Астана» филиалы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жапа шеккен аудандарға су шайған ғимараттарды қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарын: екі вагон темір арқау (арматура), бір вагон цемент, бір вагон құрылыс блоктарын жөнелтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайдан зардап шеккендерге материалдық қайырымдылық көмек жинау жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар