Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміз халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпы халықтық үдерісін басқару тиіс - Елбасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл үшін ешкімді де кемсітпей және төмендетпей, қажетті шаралар кешенін жүйелі және дәйекті жүзеге асыру қажет. Бұл дегеніміз, мемлекеттік тілде оқытатын орталықтардың желісін кеңейту, оларды әрбір қалада және аудан орталықтарында, жоғары оқу орындары мен мекемелерде құру деген сөз. Оларға көмектесіп, ынталандыру қажет», деді сессияда Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент оқытудың инновациялық формасын батыл әрі кең ауқымда енгізу қажеттігін атап көрсетті. «Субтитрмен мемлекеттік тілдегі телерадио таратудың үлесін қарқындату, қазақ тілді интернет кеңістігін дамыту, іскерлік, көркемдік және басқа да әдебиеттерді қазақ тіліне көптеп аудару маңызды», деді Елбасы.
«Кеңестерде қазақ тілінде сөйлесін, алайда синхрондық аударма болсын. Бұл қиын емес ғой», деді Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, мемлекеттік тілді дамытудағы табыс тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғамның белсенділігіне байланысты.