Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарымен кездесті

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық бөлімінің басшысы Армен Арутюнянмен кеше, 28 ақпанда жұмыс кездесуі өтті»,
None
None

деп хабарлайды Ассамблеяның баспасөз қызметі.

 Кездесу БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Басқармасы кеңсесінің бастамасымен, этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бағыттарымен танысу мақсатында өткізілді.

Жүздесу барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында гуманитарлық саладағы әріптестігі сөз болды.  А.Арутюнян отандық ұлттық саясатты жүргізу тетіктерімен  Ассамблеяның құрылу тарихымен, қазіргі кезеңдегі міндеттерімен және жұмысымен, сондай-ақ оның халықаралық ынтымақтастық саласында БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен өзара іс-қимылдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісі депутаттарының қызметімен танысты.

 БҰҰ өкілі Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Басқарма  жұмысы мен оның жоспарлары жөнінде баяндап берді. Ұлттық азшылықтар құқығын қорғау жөніндегі конвенцияның 20 жылдығы аясында үстіміздегі жылы Бішкек қаласында өткізу жоспарланып отырған Ұлттық азшылықтар мәселелері бойынша аймақтық конференцияға дайындық туралы хабарлады. А.Арутюнян  қазақстандық үлгінің оң тәжірибесін және Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақтылықты сақтаудағы және жалпы республикада тұратын барлық этностардың құқықтарын қамтамасыз етудегі және қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

 Ол Ассамблеяның және Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерттеу жөніндегі орталығының, Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби білімі пен тағлымын көтеру бойынша білім беру семинарлары мен тренингтер ұйымдастыру тәжірибесіне ерекше тоқталып, бұл тәжірибені басқа да елдерге тарату қажеттілігін айтты.

 Кездесу қорытындысы бойынша БҰҰ өкіліне «Жерұйық» кітабы мен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы таныстыру материалдары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар