Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов БҚО-дағы тасқын су зардаптарын жою шараларымен таныспақ

Л. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен бүгін кешкісін Батыс Қазақстан облысына келмек.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Е.Тоғжанов ертең өңірде орын алған тасқын су зардаптарын жою барысымен таныспақ. Мейман Деркөл кенті мәдениет үйіндегі және бұрынғы №1 және №2 облыстық балалар ауруханасы ғимараттарындағы эвакуациялық қосындарда, Орал қаласы және Зеленов, Тасқала аудандарының су басқан аумақтарында болмақшы.

7 мамыр күні Ералы Тоғжанов М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымымен, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы активімен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар