Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже мен заң

***
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы
Осы Заң қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 361-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы
заңнамасы
1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 361-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға
қатысты құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Ассамблея Сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Аппараты (Хатшылығы), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.
5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
6. Әкім аппаратының құрылымына кіретін аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.
Аппарат (хатшылық) меңгерушісі өз мәртебесі бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиісті әкім қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары:
1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі;
3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;
4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.
бар қала, астана) ассамблеяларының қызметін
қаржыландыру көздері
Ассамблея, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, Ассамблеяның құрамына кіретін этномәдени қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыратын Қазақстандағы этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландырылады.
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
***
Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 149 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.
2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ассамблея қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
4. Жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін Ассамблея мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң актілерінің жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысады;
4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
5) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Ассамблея сессиялары мен оның Кеңесінің шешімдерін қарауына бақылау жасайды;
6) өңірлік деңгейдегі этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жетілдіруге жәрдемдеседі;
7) өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсетеді;
8) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісін елде және шет елдерде насихаттайды;
9) этносаралық қатынастардың жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
10) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды және практикалық шараларды іске асырады;
11) өз құзыреті шегінде шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау мән дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдеседі;
12) баспа қызметін жүзеге асырады, қажеттілігіне қарай бұқаралық ақпарат құралдарын құрады;
13) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және өзге де шаралар өткізеді;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қайырымдылық және демеушілік көмек қабылдайды және көрсетеді;
15) өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Ассамблеяның өмір бойғы Төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады, оның қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, Ассамблея Төрағасының орынбасарларын тағайындайды.
6. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны басқарады және Ассамблея қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның бағдарламалық құжаттарын бекітеді, оның атынан мәлімдеме жасайды.
7. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы Ассамблея мүшелерінен тұратын және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен шақырылатын Ассамблея сессиясы (бұдан әрі - Сессия) болып табылады.
8. Сессия өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлаудан басқа, Сессия шешімдері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын Ассамблея үндеуі нысанында ресімделуі мүмкін. Сессия шешімдері мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың міндетті қарауына жатады.
Сессия жұмысы Сессия бекітетін регламентпен реттеледі.
9. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құрылатын және Ассамблея Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары шақыратын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) жүзеге асырады.
Кеңес шешімі, егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе Ассамблеяның жұмыс органы жүргізетін сұрау салу жолымен қабылдануы мүмкін.
10. Ассамблея Төрағасының үш орынбасары бар, оның екеуі этномәдени бірлестіктерден тағайындалады.
Ассамблея Төрағасының этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртібімен Кеңестің ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен тағайындалады. Төраға орынбасарларының алмасу кезеңін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін қамтамасыз етуді Ассамблеяның жұмыс органы жүзеге асырады.
11. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Хатшылықты бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады.
Хатшылықтың міндеттері:
1) Ассамблеяның, оның Төрағасы мен Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі актілерімен айқындалады.
12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрылу тәртібі мен құқықтық мәртебесі "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
13. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы әкім аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіретін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиісті әкім Хатшылықтың келісімімен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
14. Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, құруы мүмкін.
15. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылады.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау;
2) Ассамблея қызметін этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық сүйемелдеу;
3) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
4) Ассамблеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жәрдемдесу болып табылады.
16. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінен тұрады.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы мен оның орынбасарлары Ғылыми-сарапшылық кеңес отырысында сайланады.
Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіре алады.
Ғылыми-сарапшылық кеңес өз қызметіне, шетелдіктерді қоса алғанда, Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшесі болып табылмайтын сарапшыларды тарта алады.
17. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағасының, оның орынбасарларының және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің міндетін атқару қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
18. Ғылыми-сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі бекітеді.
19. Ассамблеяның заңнамалық актілерді және басқа да бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық-насихаттық, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық, сараптамалық, басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
20. Ғылыми-сарапшылық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.
2. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық
ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері
21. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, осы салада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді қарым-қатынасын іске асыруды қамтамасыз ету және этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін Ассамблея мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
22. Мемлекеттік органдардың Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын және Ассамблея мен оның Кеңесінің шешімдерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасының Президентінің, Ассамблея Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының этносаралық қатынастар, толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.
23. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ассамблеядан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Хатшылық жүзеге асырады.
24. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен, шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ұлттық бірлікті нығайту және Қазақстанның мәдени-тілдік әралуандығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және этностық топтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында Хатшылық қамтамасыз етеді.
3. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық
қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және
іске асыруға қатысу тәртібі
25. Қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру мақсатында, сондай-ақ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Хатшылық Ғылыми-сарапшылық кеңесті тарта отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы бағдарламалық құжаттардың жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады, оларды Кеңесте талқылауға енгізеді, Сессияда қарауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жолдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
26. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық ұсынымдар негізінде Ассамблея «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы» тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірлейді.
Әзірленген Тұжырымдама Ассамблея Төрағасының қарауына енгізіледі және ол мақұлданған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тұжырымдама стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
27. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
28. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
29. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.12.21 № 450 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 149 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші
жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 102-құжат; 2005 ж., № 17, 200-құжат; 2007 ж., № 25, 284-құжат;).
2. "Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 200-құжат;).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 370 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 284-құжат;).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 10) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2010 ж., № 28, 215-құжат; № 32, 252-құжат;).