Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері еліміздің кәсіподақтар федерациясының мүшелерімен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің ІІІ ТМД елдері мәдениет қызметкерлері кәсіподақтары бірлестіктерінің халықаралық конференциясына қатысушылармен кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі жүздесуде біз Қазақстан халқы Ассамблеясының тыныс-тіршілігі, этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы айтып, жалпы Ассамблея жұмысының бағыттары жайын сөз еттік. Ассамблея да, кәсіподақтар да бір әлеуметтік алаңда қызмет етеді, дағдарыс жағдайында әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешеді. Әлеуметтік дағдарыс этностық түсініспеушілікке әкеп соғуы мүмкін. Осы орайда, олардың өзара қарым-қатынас орнатуы өте орынды деп санаймын», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Леонид Прокопенко.Басқосуға ТМД-ның 9 елінің мәдениет қызметкерлері, кәсіподақтар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында мәдени мекемелердің желісін кеңейту, ТМД елдері халықтарының мәдениет саласында ақпарат алмасуын күшейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Қоғамның мәдени-гуманитарлық бөлігі ТМД елдерінің ынтымақтасу үдерісінде маңызды рөл атқаратындығы, көпұлтты қоғамда мәдениетаралық сұхбатқа қол жеткізудегі қазақстандық тәжірибенің тартымды екендігі атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар