Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлысаралық қатынас саласындағы рөлін аймақтардағы атқарылып жатқан жұмыстармен бірлесе күшейтуге болады ? Е.Тоғжанов

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ – Бүгін Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтіп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында
None
None
аймақтық кіші Ассамблеяның негізгі міндеттері мен келешекке бағытталған іс-шаралары туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко қатысты. Бүгінгідей әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатындағы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттер мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып саналады және қоғамды біріктіруде Қазақстан халқы Ассамблеясының атқаратын рөлі өте маңызды, деп атап өтті Е.Тоғжанов.ҚХА төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, Ассамблея мен оның аумақтық бөлімшелерінің рөлін күшейтуді еліміздің аймақтарындағы ұлысаралық қатынастардың жұмысынсыз көзге елестету мүмкін емес. Бұл мәселе Ақмола облысында, оның көпұлыстық және жер аумағына республика астанасының орналасуын ескергенде, ерекше маңызға ие бола бастады.Кеңес отырысында сөз алған облыс әкімі, Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Альберт Рау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы мақсаттар, сол тұрғыда ассамблея мүшелерінің алдында тұрған міндеттер жайын тілге тиек етіп, Елбасының Жолдауына орай Жол картасының іске асырылуына тоқталды. Бүгінде облыс көлемінде 39 этномәдени бірлестіктер жұмыс жасауда. Мемлекеттік тілді пайдалану ауқымын кеңейту жолында 173 қазақ тіліндегі білім ошақтары, 25 балабақша, 14 мерзімді басылым ауқымды істер тындырып келеді. Тек ағымдағы жылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатына бюджеттен 20 миллион теңге қаржы қарастырылған. Кеңес отырысы барысында Е.Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне куәлік пен төсбелгілерді салтанатты жағдайда табыс етті. Отырыс қорытындысы бойынша Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің аймақ жұртшылығына арнаған қарары қабылданды.Кеңеске қатысушылар сондай-ақ этнобірлестіктердің көркем және қолданбалы өнер жұмыстары көрмесімен және «Ассамблеяның біртұтас шаңырағы астында» фотосурет көрмесімен танысты. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру мақсатымен Е.Тоғжанов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде қаланың жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.
Соңғы жаңалықтар