Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы ақсақалдар кеңесі Орал өңірі тұрғындарына арналған үндеу қабылдады

ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы ақсақалдар кеңесі Орал өңірі тұрғындарына арналған үндеу қабылдады.
None
None

«Біз, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшелері мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында ұсынылған бастамасын қолдау азаматтық парызымыз деп санаймыз. Тұжырымы бойынша қарапайым, мазмұны бойынша нақты болып келетін мақала біздерге, яғни, аға ұрпаққа етене жақын, себебі өмірлік тәжірибеміз көрсеткендей, тек шығармашылық және адал еңбек арқылы ғана бақытқа кенелуге болады.

Бүгінгі күні Қазақстан азаматтардың дамуы үшін барлық жағдайды жасап отырған әріптес болып отыр. Бұл ретте, Қазақстанның қол жеткізер жетістіктері оның барлық азаматтары мен күллі қоғамының іс-қимылына тәуелді екендігін ұмытпаған жөн.

Кәсіпорындардың басшыларын өндіруші еңбекті көтермелеуге шақырамыз. Еңбек адамының жоғалған беделін қайта қалпына келтіріп, лайықты құрмет көрсетуіміз қажет.

Сонымен қатар жастарға айтарымыз, адам еңбек ету арқылы ғана қалыптасады деген пікір біздің жанымызға жақын. Еңбек еткен кезде ғана ол өзі туралы, қоршаған ортасы туралы өз ұстанымын түпкілікті өзгертеді, оның өзін-өзі бағалауы айтарлықтай өзгеретін болады. Өз еңбектері арқылы даму үрдісінің қозғаушы күші болған, адал еңбектің үлгісін танытқан аға ұрпақ жас ұрпаққа осылайша жол көрсетпекші. Қоғамымыздың даму жолы, жаскелең ұрпақ тәрбиесі бізді ойландырады.

Біз, Орал өңірінде тұратын әр түрлі этнос өкілдері, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанды күшті және дамушы ел ретінде нығайтуға бағытталған бағдарын тұтастай мақұлдаймыз және қолдау білдіреміз. Халықтардың біртұтастығы мен бірлігінсіз отандастарымыздың алдына қойылған міндеттерді шешу мүмкін емес.

Ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға шақырамыз», делінген онда.

Соңғы жаңалықтар