Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға белсене атсалыспақ

ОРАЛ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 3 наурыз күні облыс әкімдігінде облыс ассамблеясының активі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесіп, облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен
None
None

Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады.

-Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда, дінаралық татулық пен ұлтаралық жарасымды нығайтуда  Ассамблеяның алар орны ерекше. Елбасы Жолдауы - еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының бағыт-бағдарын нақты белгілейтін   стратегиялық құжат, - дей келе  Ералы Тоғжанов Жолдаудан  туындайтын негізгі міндеттерге тоқталды. Ассамблеяның мүмкіндіктерін елімізде ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарды, инновацияны дамыту үшін пайдалана білу қажет.

Кездесу соңында ел бірлігін нығайтуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін  облыс ассамблеясының  өкілдеріне  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін және облыстық ассамблеяның жаңа мүшелеріне куәліктер табыс етті.

Сөз алған ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері Елбасының идеяларын толық қолдайтынын айтып, ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыс әкімі Н.Ноғаев ассамблея мүшелерінің Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар