Қазақстан халқы Мәжіліс пен мәслихат сайлауында «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетеді деген сенімде
Оның айтуынша, сауалнама негізінен қала халқының арасында жүргізілді. Ал қала халқының әдетте сайлауларға деген құлшынысы өте төмен болып келеді. Соған қарамастан бұл өте жақсы көрсеткіш болып отыр. «Сауалнама жүргізу барысында респонденттерге сонымен қатар мәслихат депутаттығына кандидат азаматтың қандай да бір партияның мүшесі болуы маңызды ма, егер маңызды болса сіз қай партияның өкіліне басымдық берер едіңіз? - деген сауал да қойылды. Сауалнама жүргізілгендердің 62,4 пайызы сайлауға түсетін кандидаттың қандай да партияның мүшесі болғандығын қалайтындықтарын жеткізді. Ал осы 62,4 пайыздың басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясын қолдайтындықтарын білдірді»,-деді Ж.Бұқанова.
Ол келтірген деректерге қарағанда, сауалнама жүргізілген азаматтардың 85,2 пайызы сайлауда «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетеді деген ойда. Ал өзге партия өкілдерінің сайлауда жеңіп шығатындығына респонденттердің тек 4 пайызығы ғана сенетін
болып шықты. «Осылайша сайлау науқанының алғашқы күнінде-ақ сайлаудың жеңімпазы анықталды. Ол «Нұр Отан» партиясы болып отыр. Ал өзге партияларға әлі өздерінің таңдауларын жасамаған сайлаушылардың дауыстары үшін күресу ғана қалып отыр. Ал мұндай санаттағы халық саны республика халқының небәрі 8,7 пайызын құрап отыр»,-деді институт меңгерушісі.