Қазақстан халқының 48 пайызға жуығы ауылда тұрады - ЭБЖМ

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 48 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.
None
None

«Алайда, биліктің жергілікті органдары әлі күнге өңірлердің тіршілігінде қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қауқарсыз болып отыр», - дейді заң жобасын таныстырған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Жауапты хатшысы Дина Шәженова. Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы басты мәселенің бірі аумақтық билік органдарында жергілікті органдарға қарағанда штаттық санның үлкен ауқымы шоғырлануында болып отыр. Нақтылап айтқанда, аумақтық органдардағы штаттық саны 44 мың бірлікті құраса, жергілікті органдарда 36 мың болып табылады. Бұдан бөлек, аудандық, қалалық және ауылдық қаржыландырудың жеткіліксіз деңгейі де біршама проблемалар тудыруда.

Осыған орай, заң жобасында жекелеген өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру, мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін қажетті бюджеттік қаражаттарымен және штат санымен нығайту жоспарланады. Сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы қайта қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар