Қазақстан халқының бірлігі күні БҚО аудандарында да кеңінен тойланды

ОРАЛ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні БҚО аудандарында да кеңінен тойланды.
None
None

Соның бірі - Зеленов ауданы. Қырықтан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері жарасымды бірлікте ғұмыр кешкен аудан тұрғындары үшін бұл мерекенің маңызы терең, мәні бөлек. Бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай табысып, еңбекке бірге жұмылып, қуаныш-қайғыны бірге бөліскен тату халқымыз Бірлік күнінде де орталық алаңнан табылды. «Тұғырымыз - тыныштық, тірегіміз - тұрақтылық, тілегіміз - татулық» тақырыбында өткен достық фестивалінде қазақ, өзбек, орыс, армян, беларус, украин, молдаван, грузин, татар ұлттық мәдени салт-дәстүрлері мен ән-биі сахналанды. Ел иесі қазақ халқына арналып ақжарма тілектер жолданды.

Әр ұлттың өз тілінде сәлемдесіп, әсерлі әнін шырқап, тамаша биін орындаған өнерпаз бауырлар қазақ халқының кеңдігі мен киелі топырағына деген ыстық ықыластарын осылайша білдірді.

Шараға қатысқан аудан әкімі Марат Оңғарбеков татулығы жарасып, ел ертеңінің берекелі болуы үшін ортақ мүддеге тоғысқан аудан халқына алғысын білдіріп, толайым табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар