Қазақстан халқының бірлігі күні достық мейрамына айналып отыр

ОРАЛ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан халқының бірлігі күні достық мейрамына айналып отыр. Бұл туралы «Еднання» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Тарасенко мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын мамырдың 1-і барлық еңбекшілердің ынтымақ мейрамы ретінде тойланса, қазіргі таңда бүкілхалықтық сипат алды. «Біз енді осы ұлтаралық келісімді нығайту бағытында жұмыстана беруіміз қажет. Мемлекеттік тілді үйретудің техникалық жағын жетілдіру керек. Мысалы, аударманың сапалы компьютерлік бағдарламалары енгізілсе, дұрыс болар еді. Мемлекеттік мекемелерде, емхана, дүкендерде маңдайшалар екі тілде жазылса, бұл тілдік кедергіні жеңуге септесер еді. Ынтымақ мейрамы құтты болсын», деді В.Тарасенко.

Соңғы жаңалықтар