Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен тойлануда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен атап өтілуде.
None
None

Екібастұздың орталық алаңында ұлттық-мәдени орталықтар көтерген «этноқалашықта» қала тұрғындары Халықтар бірлігі күнін мерекелейтін болады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Мерекелік шара салтанатты парадпен басталмақ. Әр «ауылдың» иелері - диаспора өкілдері ұлттық салт-дәстүрлері бойынша қонақтарды қарсы алады, оларға өз қолөнер бұйымдарын көрсетеді, өнерлерін ортаға салады.

Мерекеге орай осындай этноауыл Ақтоғай ауылында да тігіліп отыр. Ондағы бес диаспораның өкілдері халықтың қолданбалы өнер туындылары мен ұлттық тағамдардың көрмелерін, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар әзірлеп отыр.

Ал Шарбақты ауылында селоның орталық көшесінен мерекелік шеру жүріп өтеді. Успенка ауылының тұрғындары да Халықтар бірлігі күнін жәрмеңкемен, халық серуенімен атап өткелі отыр. Онда сондай-ақ дәстүрлі веложарыс өтеді, ұлттық спорт түрлері бойынша аудан біріншілігі сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар