18:56, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Қазақстан халқының болашағына жол ашатын құжат - Мохамед Хаир Фатх Альрахман
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы көшбасшы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» Жолдауы, жол картасы - Қазақстандықтардың және қазақ ұлтының жақын болашақтағы дамуына жол ашатын маңызды құжат. Бұл туралы судандық «MEPSCO International co Ltd.» компаниясының төрағасы Мохамед Хаир Фатх Альрахман өз пікірін ортаға салды.

«Президент Қазақстанның ішкі жағдайын қамтумен қоса, қазіргі кездегі, таяу жылдардағы әлемдік экономика жағдайын көрегенділікпен болжап, бағамдай білді. Бұл дүниетаным гүлденген Қазақстанға барша әлем бойынша инвесторлар мен қонақтарды тартып отыр. Қазақстан ЭКСПО - 2017 және Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер съездері сияқты көптеген халықаралық жобаларға бастамашылық етті», - деді Мохамед Хаир Фатх Альрахман.
«Біз де Президенттің алдағы сын-қатерлерді алыстан болжаған қырағылығы мен парасатты пайымын қолдаймыз. Бұл Қазақстан халқының гүлденуі жолында елдің өресі биік, мәртебесі үстем жаңа келбетін қалыптастыратыны сөзсіз», - деп ойын түйіндеді "MEPSCO International co Ltd." компаниясының төрағасы.