«Қазақстан халқының ертегілері» сериясынан номиналы 50 теңгелік «Бауырсақ» және «Алдар Көсе» ескерткіш монеталары айналысқа шықты

АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банкі «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік «Бауырсақ» және «Алдар Көсе» ескерткіш монеталарын айналысқа шыққанын хабарлады.
None
None

Олардың бет жағының орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра қазақ және орыс тілдерінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу бар. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры бедерлі. Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31,0 мм, таралымдары - 100 мың дана.

«Алдар Көсе» монетасының сырт жағының орталық бөлігінде есекке мінген жиһангер ертегі кейіпкерінің суреті, қасында ілесіп жүрген иті бейнеленген. Сол жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Алдар Көсе» деген жазу бар. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Ал «Бауырсақ» ескерткіш монетасыныңсырт жағында ертегі кейіпкерлері бейнеленген, ортасында мемлекеттік тілде «БАУЫРСАҚ» және орыс тілінде «КОЛОБОК» деген жазу бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум