Қазақстан халық банкі 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін парольдік процессингке қосылу қызметін іске қосты

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын арада бұл қызмет түріне MasterCard карточкасын ұстаушы клиенттер де қол жеткізбек.
3D Secure - төлем карточкасының иесіне интернет желісінде қосымша сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік беретін Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің инновациялық технологиясы. Интернет желісінде есеп айырысу үшін карточканы пайдаланған кезде 3D Secure жобасына қатысушы клиенттің мәліметтері эмитент-банктің серверіне жіберіліп, карточка иесіне 3DS паролі бойынша сәйкестендіру жүргізіледі.
Халық банкі бұған дейін 2011 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жолаушылардың интернет арқылы темір жол билетін сатып алу кезінде 3D Secure технологиясының көмегімен төлем қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру жобасын www.pcentre.kz сайтында (Электронды витрина) жүзеге асырған болатын. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын ұсынатын және интернет желісінен төлем карточкасы арқылы ақы төлеуге мүмкіндік беретін интернет-ресурстарының саны ұдайы өсіп келеді. Бұл жағдайды төлем карточкасының көмегімен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне деген тұтынушы сенімінің артып келе жатқандығының дәлелі деуге болады.