«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қарасай аудандық басқармасының жаңа ғимараты ашылды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының филиалдар желісін дамыту мақсатындағы міндеттерді  жүзеге асыру бағытында Алматы облысының Қаскелең қаласында Қарасай ауданы әкімдігінің, 
None
None

Ұлттық Банкі мен «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының басшылығы өкілдерінің қатысуымен Банктің Талдықорған өңірлік филиалына қарасты Қарасай аудандық басқармасының жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті. Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті.

 Аталмыш ғимаратты ашу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Жақыпов, Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының директоры Мұрат Әкімжанов, Қазақстан Халық Банкі Басқармасы төрағасының орынбасарлары Марат Әлменов пен Асқар Смағұлов, Қаскелең қаласының тұрғындары және Халық банкінің серіктестері мен клиенттері қатысты. Құрылыс стандарттарының бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып, салынған аудандық басқарманың жаңа екі қабатты ғимараты Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуге арналып отыр. Ғимарат клиенттер мен қызметкерлер үшін барынша ыңғайлы заманауи құрылғылармен жабдықталған.

 Аумағы 780 шаршы метрден асатын үй-жайда швециялық «NEMO-Q» электрондық кезек жүйесімен  жабдықталған ауқымды қызмет көрсету аймағы қарастырылған, бес кассалық кабина, тәулік бойы қызмет көрсететін екі банктік терминал  және екі банкомат орнатылған. Жеке тұлға және заңды тұлға болып табылатын клиенттердің барлығына  ыңғайлы болуы үшін ағымдағы шоттар, депозиттер мен карточкалық шоттар ашу және  шот бойынша қызмет көрсету, кассалық операциялар жүргізу, бөлшек несиелер рәсімдеу және шетел валютасын айырбастаумен байланысты банк өнімдері мен қызмет түрлерінің толық топтамасы ұсынылады.

 Халық банкі Талдықорған өңірлік филиалының Қарасай аудандық басқармасында айына 10 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта Банктің осы аталған басқармасының қызметін 6 мыңға жуық жеке тұлға-клиент және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің 90 пайызы пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар