Қазақстан химия өнеркәсібін дамытуға мүдделі - А. Серіков

АНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан химия өнеркәсібін дамытуға мүдделі. Бүгін елордада өтіп жатқан IV Астаналық Экономикалық форумы аясындағы
None
None

ІІ Халықаралық инвестициялық форум барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіков осылай мәлім етті.

Комитет төрағасының айтуынша, еліміздегі химиялық өнеркәсіп нарығының қамтымдылығы 2008 жылы 3,5 млрд. доллар шамасында болған. Бұл реттегі импорт шамамен нарық мөлшерінің 80 пайызын құрап отыр. «Бұдан бөлек, Қазақстанда жекеменшік фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту әлеуеті де жеткілікті. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2014 жыл соңына қарай ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 50 пайызға дейін арттыру көзделеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 400-ден астам аталымдағы дәрі-дәрмекті шығарудың перспективасы жоғары байқалады. Осылайша, аталған салалар бойынша ниет ететін кәсіпкерлер үшін үлкен әлеуеттер баршылық», - деді А. Серіков.

Соңғы жаңалықтар