Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің бірінші курс студенттері үшін арнайы кеш өткізілді
Онда университет құрылтайшысы, ҚР Инженерлік академиясы БҚО филиалының төрағасы, академик, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов студенттердің қоғамдық өмірге белсене қатысуының маңызы зор екенін атап өтті. Соның бір жарқын мысалы, Астанада өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне радиоэлектроника, телекоммуниуация және байланыс факультетінің 3-курс студенті Ақбала Байбозова делегат ретінде қатысты.
Биылғы жылы аталмыш кешенге 470 студент қабылданды. Олар қазіргі кезде «Жаңа оқу жылына - білім мен ғылым саласының жаңа технологиялары» деген ұранмен білім алуда.
-Бұл білім кешенінде сіздер үшін барлық жағдай жасалған. Білім нәрін себетін танымал ғалымдар мен білікті оқытушылар жұмыс жасайды.. «Жастар - біздің болашағымыз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі сіздерге үлкен сенім артады. Біз сіздерге сенеміз. Олай болса, сол сенім биігінен көрінулеріңізге тілектеспін,-деді шараға қатысқан облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар.