«Қазақстан инжиниринг» әскери тікұшақтардың екі моделін шығара бастайды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы «Eurocopter»-мен әскери тікұшақтар шығару бойынша жаңа келісімшартқа қол қойды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов мәлімдеді.

«Биылғы наурыз айының басында біз «Еурокоптер» компаниясымен өзара әріптестікті дамыту турасындағы жаңа келісімшартқа қол қойдық. Біз енді тікұшақтардың «635» және «645» сияқты әскери модельдерін шығару бойынша жұмыс істей бастаймыз. Бұл өндіріс дамуының жаңа кезеңі болып табылады», - деді Б. Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар