«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Ресей компанияларымен бірігіп, тікұшақ шығаруды қолға алмақ

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы 2012 жылы Ресейдің «Қорғанысөнеркәсіп» корпорациясының құрамындағы «Ресей тікұшақтары» компаниясымен бірлесіп, тікұшақ шығаратын бірлескен кәсіпорын құрмақшы.
None
None

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда,бұл туралы алдын ала келісім бүгін «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының президенті Болат Смағұлов пен Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громовпен болған кездесуде жасалды. Қазақстан тарапымен жұмыс істеуге дайын екендігін Ресейдің «Қорғанысөнеркәсіп» ашық акционерлік қоғамының Бас директоры Андрей Реус те білдірді.

«Мұндай бірлескен жоба екі жаққа да тиімді болады. Біздің компаниялар Қазақстан мен Ресей арасында жүріп жатқан интеграциялық үдерістерге қолдау көрсетулері қажет»,-деді ол.

Өз кезегінде Б.Смағұлов аталмыш жоба еліміз тарапынан сатып алынатын тікұшақ техникаларын арзан бағамен алуға мүмкіндік беріп, тиісті бюджет шығындарын азайтатындығын айтты. Сондай-ақ бірлескен кәсіпорынның үкімет деңгейінде қолдау табатынығынан үміттенетіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар