14:43, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қазақстан ірі қалаларының болашақтағы дамуын жобалау мекемеаралық комиссияда қаралады
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан ірі қалаларының болашақтағы дамуын жобалау мекемеаралық комиссияда қаралады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.
«11 желтоқсанда ҚР аумағы дамуының бас жоспарын әзірлеу мәселесі бойынша мекемеаралық комиссияның отырысы өтеді. Жиында Қазақстан ірі қалаларының болашақтағы дамуын жобалау, еліміздің аумағында субурбанизация және урбанизация үдерістерін басқару сияқты мәселелер қарастырылады»,-деді ресми өкіл.