Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының мұсылман әлемі елдерінің тиімді және беделді форумы ретінде түлеу үдерісін қолдайды ? ҚР СІМ

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Сирия астанасы – Дамаскіде мамырдың 23-25-і күндері Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 36-шы сессиясы өтті, оған 57 мұсылман елінің өкілдері қатысты. Форумға біздің елдің делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарып барды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Конференцияға қатысушылар жетекші мұсылман ғалымдары мен ойшылдары тобының 2005 жылы жасаған Ислам конференциясы ұйымының10 жылдық іс-қимыл бағдарламасы Ұйымның перспективадағы қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын нақты және шынайы құжат болғанын атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан Ислам конференциясы ұйымының мұсылман әлемі елдерінің тиімді және беделді форумы ретінде түлеу үдерісін қолдайды.Мұсылман елдері сыртқы саясат ведомстволары басшылары алдында сөз сөйлеген Н.Ермекбаев Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық етуінің зор маңызын атап көрсетті, бұл еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеннен кейінгі көпжақты дипломатиясының жалғасы болмақ. Сессия барысында Ислам конференциясы ұйымы мүше-елдерінң сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қазақстанның жаһандық конфессияаралық диалогтағы рөлін жоғары бағалады, өйткені ҚР Астана қаласында биылғы шілде айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін үшінші рет өткізгелі отыр. Форум аясында Н.Ермекбаев Ұйымның бас хатшысы Э.Ихсаноғлымен, Сирия сыртқы істер министрі Уәлид әл-Муаллиммен, Ирак СІМ басшысы ? Хошиар Зебаримен, Оман СІМ басшысы ? Юсуф бен Алауимен кездесулер өткізді. Министрлік кездесулері ауқымында Қазақстан Камерунмен, Кот д'Ивуармен және Габонмен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Соңғы жаңалықтар