Қазақстан ислам өркениетінің дамуына қомақты үлес қосты - Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы А. ат-Түрки

ЭР-РИЯД. 26 ақпан. ҚАзАқпарат- Сауд Арабиясы Королдігіндегі жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Түркимен кездесті.
None
None

Жүздесу барысында Қ. Мәми  Бас хатшыға Астанада 12 мамырда өтуі жоспарланып отырған  әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші съезіне шақыруды табыс етті»,

 Абдалла бен Абдел Мухсин ат-Түрки өз кезегінде алдағы Сьездің ағымдағы жылғы маңызды оқиға болатындығын атап өтті. Бұл форум Қазақстанның сыртқы маңызды бренді болып табылады. Оның сөзінше, Дүниежүзілік ислам лигасы болашақта да өркениет пен халықтар арасындағы диалогты нығайтуға күш сала бермек.

Қ.Мәми А. ат-Түркидің  Қазақстан мен бұл ұйымның арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бағытындағы қажырлы еңбегін, Исламның құндылықтарын таратуға деген күш-жігерін атап өтті. Соңынан   Бас хатшыға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан  «Достық» орденін табыс етті.

«Қазақстан басшысының жетекшілігімен  сіздің елдеріңіз  Шығыстағы мұсылман мемлекеттерінің арасындағы  жетекшілерінің біріне айналды. Қазақстан ислам өркениетін дамытуға қомақты үлес қосты», - деп тоқталып өтті А. ат-Түрки.

Соңғы жаңалықтар