Қазақстан Қарулы Күштері басшы құрамының оқу-әдістемелік жиынын өткізуге арналған дайындық жұмыстары аяқталды
Аталмыш шараның тиімді әрі сапалы өткізілуі үшін ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор М. Дүйсекеев бастап келген Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының бір топ офицерлері, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, сондай-ақ, Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдерінің өкілдері бір кісідей ат салысуда. Жазғы оқу кезеңінің соңында өткізілгелі отырған жиынның жауапкершілігі өте жоғары.
Бүгінге дейін Гвардейск оқу-жаттығу орталығының нысандары мен оқу материалдық базасы, жиынға қатысушылардың жауынгерлік машиналарды жүргізу мен оқ ату даярлығы және дене дайындығы бойынша сынақ тапсыру нүктелері қатысушылардан емтихан қабылдауға әзір екендігін атап өткен жөн.
Қарулы Күштер түрлері басқолбасшылары, өңірлік әскери қолбасшылықтар қолбасшылары, бригада командирлері мен олардың орынбасарлары үшін дәрістер оқу, қару мен оқ дәрілерді пайдалану, жөндеу, сақтау және беру бойынша көрсету сабақтарын (дәрістер, тактикалық лездемелер) өткізетін орындар мен оны жүргізушілер қатысушыларды қабылдауға әзір.
Нысандарды дайындау бағдарламасы бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Әсіресе, Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жауапкершілік танытып, ұйымшылдықпен жұмыс істеуі өз нәтижесін берді деуге болады. Оқу-әдістемелік жиын басталар алдында оны ұйымдастырушылар әскери техникалар мен оқу-жаттығулары өтетін барлық нүктелердің дайындығын, жиынға қатысушылардың орналасуын, олардың тамақтануы мен мәдени-демалысына баса назар аударды.
Атқарылған істер мен қордаланып қалған мәселелер күн сайын жұмыс соңында өткізілетін жиналыста дайындық жұмыстарын жүргізуге басшылық жасап жүрген Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары генерал майор М.Е.Дүйсекеевке баяндалып, талқыланып, мәселелерді дер кезінде шешудің жолдары қарастырылды. Осының барлығы жұмыстың алға басуына септігін тигізді. Өткен уақыт аралығында атқарылған істің ауқымы кең. Оның нақты нәтижесі ертеңгі күні өткізілетін Қазақстан Қарулы Күштері басшы құрамының оқу-әдістемелік жиынынан кейін анықталады.
Жиынға қатысушылар 18 қарашада келеді деп күтілуде.