Қазақстан қатаң қаржылық тәртіп енгізуде - ресейлік сарапшы

МӘСКЕУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдарымен назарларыңызға Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған «Дағдарыстан – дамуға» Жолдауы туралы ресейлік сарапшының «РИА «Новости» агенттігінің наурыздың 10-ындағы таспасында жарияланған пікірін ұсынамыз.
None
None
Қазақстан жаңаша модернизциялық серпіліс жасау үшін жайлы мүмкіндіктер жасау арқылы дағдарыстан шығуға талпынуда, деп мәлім етті «РИА «Новости» агенттігіне сұхбат берген Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Алексей Власов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауына берген түсіндірмесінде. Сарапшы Қазақстан басшысының Жолдауында айтылған үш негізгі тезисті атап көрсетіп отыр: біріншісі, жұмылып әрекет ету - экономика мен әлеуметтік саладағы қиыншылықтарды еңсерудің жалғыз жолы; екіншісі - әлеуметтік тұрақтылықты сақтау; және үшіншісі ? дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында ел үкіметі жүзеге асырып отырған барлық шаралар, осылардың барлығы қарапайым адамдардың мұқтаждығына барынша бағытталып отыр.«Осыдан дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру тетігіндегі басымдықтарды ауыстыру үрдісі туындап отыр - жаппай жұмыссыздықты болдырмауға, жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға көбірек назар аударылуда», деп атап көрсетті Власов өз сөзінде. Осыған байланысты мемлекет қатаң қаржылық тәртіп енгізіп отыр, дейді саясаттанушы. Власов өз сөзін түйіндей келе, «бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу қажет, ал қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатаң жаза қолдану туралы» Елбасы Н.Назарбаевтың пікірімен аяқтады. Шикізаттық ресурстарды сатудан түскен түсімдердің Ұлттық қорға емес, тікелей бюджетке түсуін де маңызды шешім деп атаған сарапшы, «дейтұрғанмен, Назарбаев, жаңа ғасырда Қазақстан «экономикасының бетпердесін» анықтайтын стратегиялық маңызды бағдарламалардың дағдарыс жағдайында да тоқтатылмайтынын» баса атап көрсетіп отыр, деді. «Дағдарыс ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір аяқталады және одан жаңаша модернизациялық серпіліс жасау үшін жайлы мүмкіндіктер жасау арқылы шығу керек. Бұл Қазақстан басшысы үшін ? қағидалы ұстаным», дейді Власов. Қазақстан қабылдап отырған дағдарысқа қарсы шараларға баға берген ресейлік сарапшы, олардың нәтижелері туралы айтуға әлі ертерек екенін айтты. «Дағдарысқа қарсы бағдарлама экономиканың «жанды нүктелерінде» енді ғана жұмыс істей бастады. Ипотека мәселесі қайта «кесіп-пішілуде», қаржы саласы тұрақтандырылуда. Мемлекет жүйеқұрушы банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» Қоры арқылы банк активтеріне уақытша кіріп отыр. Стрестік активтер қоры құрылды. Дегенмен Назарбаевтың үкімет бағдларламасын шағын және орта бизнесті қолдау және халықты жұмыспен қамту жүйесін қолдау сияқты екі бағытпен күшейткелі отырғанын Жолдаудан байқаймыз. Бұл түзетулер дер кезінде жасалып отыр. Көптеген сарапшылар «осындай «жанды мәселелерге» деген назардың жеткіліксіздігі үшін үкіметті сынаған болатын», дейді саясаттанушы. Ресейлік сарапшы сондай-ақ, Қазақстан Президентінің мемлекеттік басқару органдарын дағдарысқа қарсы шараларға жүйелі мониторингтер жүргізуге және экономиканы сауықтыру тұжырымдамасына енгізу үшін ұсыныс-кеңестер енгізуге бағыттап отыруын да маңызды мәселе деп санайды. «Енгізіліп отырған түзетулер - елдегі шынайы жағдайға барабар түзетулер. Мысалы, республика халқын жұмыспен аймақтық қамту бағдарламасын жүзеге асыруға бөлініп отырған 140 миллиард теңге мен әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейтуге қарастырылған 9 миллиардтай теңге дағдарысқа қарсы күрес қоржынына салынып отырған қомақты қаражат. Экономиканы және әлеуметтік саланы басқару органдарының ағымдағы жылғы негізгі жұмыстары жұмыссыздықпен күрес болатыны айдан анық», - деп түйіндеді өз ойын Ресейдің Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Алексей Власов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум