16:58, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды - Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды. Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуі барысында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин осындай пікір білдірді.

«Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана болды. Жалпы мемлекет тарихы үшін 20 жыл тым қысқа мерзім саналады. Дегенмен осындай қысқа уақыттың аралығында Қазақстанның дамуын өте жоғары бағалауға тұрарлық», - деп атап өткен ол еліміздің гүлденуі Елбасы Н.Назарбаевтың арқасы деп білетіндігін баса айтты.
«Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды. Біз түркі бауырлар елінде бұған жоғары баға береміз», - деді мәртебелі мейман.
Сонымен қатар ол Қазақстан Түркияның Азиядағы ең маңызды сауда әріптесі болып табылатындығын тілге тиек етіп өтті. Оның пайымынша, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі арттыру үшін екі елдің де, әсіресе басшыларының саяси ниеттері өте зор.