Қазақстан «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша 9-орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша өз көрсеткішін 5 позицияға жақсартып, 14-орыннан 9-орынға көтерілді.
None
None

Бүгінде ұлттық сот жүйесі өзінің тиімділігін көрсетуде. Бұған көптеген халықаралық деңгейде берілген бағалар мен әлеуметтік сауалнамалардың қорытындылары айқын дәлел. Мәселен, 2002 жылдан бастап Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» жобасы аясында әлемдегі 189 елдің экономикасына қатысты жыл сайынғы рейтинг шығарылады. Рейтинг кәсіпкерлік қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерді және оның нормаларының орындалуын бағалау нәтижесі бойынша қалыптасады.

Қазақстан аталған рейтингке 2009 жылдан бастап қатысып келеді. Бұл рейтинг әлемдік инвесторлардың инвестициялық шешім қабылдауына және көптеген мемлекеттер үшін өздерінің экономикалық әлеуетін бағалауына оң ықпал етеді. Рейтинг көптеген елдер үшін бір қала және 10 негізгі индикатор бойынша есептеледі. Қазақстанда Алматы қаласының көрсеткіштері негізге алынды. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің есебі бойынша Қазақстан өзінің былтырғы рейтингісін 12 позицияға жақсартып, 53-тен 41-орынға көтерілді.

Сондай-ақ, осы рейтингте сот жүйесінің қызметі «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша да бағаланады. Қазақстан бұл индикатор бойынша өз көрсеткішін 5 позицияға жақсартып, 14-орыннан 9-орынға көтерілді. Бұл - республика бойынша сот жүйесін дамыту жөніндегі атқарылып жатқан Елбасы саясатының тікелей нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар