Қазақстан қоғамдық сектор мен инфрақұрылымды дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр - К. Мәсімов

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан қоғамдық сектор мен инфрақұрылымды дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
None
None

Бүгін елордада «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форум барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Соңғы үш жылда әлемде азық-түлік бағасы бірден екі мәрте өсіп кетті. Жаһандық деңгейде жаңа азық-түліктік қатерлер пайда болуда. Сондықтан да экономика дамуына қатысты пікір алаңының тиімділігі зор. Былтырғы осындай форумдағы басқосуда мен Үкіметтің дағдарыс салдарымен күреске қатысты іс-қмыл жоспары туралы, постдағдарыстық даму туралы айтқан болатынмын. Бүгінгі күні мен одан да іргелі тақырып жайын қозғауды жөн көріп отырмын. Жалпы, постдағдарыстық дамуда ең маңызды мәселе лайықты экономикалық мүмкіндік пен қоғамдағы лайықты теңдікті қамтамасыз ету болған еді. Дағдарыс барлық әлем бойынша өмір сүру деңгейіне әсер етті. Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне қарағанда, 30 млн. адам жұмысын жоғалтып, 200 млн.-ға тарта адам бүгінгі күні жұмыс іздеу үстінде», - деді К. Мәсімов. Сонымен қатар Премьер Қазақстанда дағдарыстың қатерлерінен үлкен сабақ алынып, ондай құбылыспен күресте тәжірибелер жинақталғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы біз тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлайтын боламыз. Қазақстан Кеңес одағы ыдыраған кезеңде үлкен қиыншылықты бастан кешті. Жеке сектор дамымады, инфляция ырықсыз кетіп, біз қоғамның базалық қызметін ғана қамтамасыз етуге ұмтылдық. Президент пен оның экономикалық реформаларының арқасында жүзеге асқан шаралар бойынша бүгін мен кешегі жағдай еш салыстыруға келмейтін болып отыр. Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көсеткіші 12 еседен артты. Жұмыссыздық екі еседен астамға төмендеді. Біз қоғамдық сектор мен инфрақұрылымда үлкен табысқа қол жеткіздік», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар