Қазақстан қол жеткізе алатын мақсаттарға ғана ұмтылуы тиіс - Я. Бугайский

анның 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін Қазақстан қол жеткізе алатын мақсат-міндеттерге ғана ұмтылуы тиіс.
None
None

Бүгін Астанада басталған «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер және мүмкіндіктер тақырыбындағы халықаралық конференцияда  Халықаралық стратегиялық зерттеулер  орталығы жүргізіп жатқан «Жаңа Еуропалық демократия» жобасының директоры Януш Бугайский осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде жоба директоры 2010 жылда өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитін үлкен дайындықпен өткізу қажеттігіне тоқталып, онда көтерілетін мәселелерді жаңаша тұрғыда талқылау өзектілігін ерекше атап өтті. «Меніңше, ол саммитте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЕҚЫҰ-ның рөлін бақылау, нақты қауіп-қатерлерді анықтау, осы саладағы халықаралық ұйымдардың тиімділігіне баға беру және өзара кірігу үрдістерін айқындау сияқты нақты төрт мәселе қаралуы тиіс. Ал ең бастысы осы кезде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін Қазақстан өзі қол жеткізе алатын мақсат-міндеттерді ғана көздеуі тиіс», деді Я. Бугайский.

Соңғы жаңалықтар