Қазақстан көптеген факторлар бойынша тұрақты, перспективалы даму үстіндегі мемлекеттердің бірі - халықаралық сарапшы А.Маслов

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Таяуда жүргізілген «Перспектива 2050: Әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» атты тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Қазақстан таяу болашақта әлеуметтік-саяси дамудың ықтимал көшбасшысы болып саналады. Зерттеуді «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қоры» тәуелсіз сараптамалық орталығы жүргізген болатын. Оған барлық құрлықтың 63 елінен 303 сарапшы қатысқан еді.
None
None

Дәл осы тақырып ҚазАқпарат тілшісінің аталған зерттеуге қатысқан сарапшылардың бірі, «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университеті шығыстану бөлімінің меңгерушісі, Ресей табиғи ғылымдар академиясының мүшесі, профессор Алексей Масловпен сұхбатына арқау болды.

- Сарапшылар жүргізген зерттеу, оның критерийлері мен нәтижелелері туралы тарқата айтып берсеңіз

- Баяндама АҚШ, Қытай, Ресей, бірқатар Латын Америкалық және еуропалық мемлекеттердің түрлі саладағы сарапшыларының өзіндік жиынтық пікірін білдіреді. Нәтижесі сарапшылардың орташа статистикалық, салмақтанған пікірі болып саналады. Баяндамада алдыңғы қатарлы, дамушы немесе перспективалы ретінде бөле қарастырылған көптеген елдер бар, олар ең алдымен бүкіл әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында өздерін дұрыс көрсете білгендер.

Қазақстанды даму болашағы зор әрі тұрақты даму үстіндегі ел ретінде болашақтағы «Азия жолбарысы» деп атайды. Бұл факт Қазақстанның формалды жетістігі (ЖІӨ өсімі, инвестиция тарту) турасында ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет ретінде де әлемде барынша танымал екендігін білдіреді. Атап өтерлігі, Қытайдың не болмаса Ресейдің сарапшысы Қазақстанды перспективалы ел ретінде атаған кезде таңқаларлық ештеңе де жоқ. Дегенмен АҚШ, Еуропа, тіпті Латын Америкасының срапшылары бұл жайында сөз қозғағанда, бұл енді дұрыс өзін-өзі көрсете алудың нақты нәтижесі.

Біздер зерделеу үшін барынша ұзақ мерзімді, 2050 жылға дейінгі кезеңді алдық. Бұл көптеген елдердің өз дамуларын 2050 жылға дейін жоспарлауымен тікелей байланысты. Бұл қатардан Қазақстанды, Қытайды және бірқатар еуропалық елдерді көруге болады әрі ол өзіндік жоспарлау стандарты.

Сарапшылармен елді дамуына әсер ететін сын-қатерлер, тұрақты даму факторлары, тұрақсыздандырғыш факторлар және әлемдегі күштердің орналасуының өзгеруі сынды факторлар бағаланды. Көптеген факторлар бойынша Қазақстанды тұрақты, перспективалы әрі позитивті дамушы елдердің бірі ретінде атауда. Біз позитивті дамуда тек қана экономикалық өсімді емес, сонымен бірге өңірлік және де әлемдік саясатқа ықпалының артуын, қатерлі ішкі қарсылықтар мен жанжалдардың болуы немесе болмауын, шекара бойынша жанжалды реттеуін, көшбасшысының не болмаса идеясының болуын ескереміз.

Сарапшылардың Нұрсұлтан Назарбаевты А.Меркель, В.Путин, Ху Цзиньтао және Уго Чавеспен қатар 5 ірі көшбасшылардың бірі ретінде атағандарын баса айтқым келеді. Бұл көшбасшыларды әртүрлі бағалауға болады. Дегенмен бұл көшбасшылар елдің дамуына негіз қалаған қандай да бір идеялармен, көшбасшының өзіне тәуелсіз тіршілік ететін идеямен астасып жатады. Ал елдің тұрақты дамуы - бұл даму тұжырымдамасының болуы, сондықтан да оны сарапшылар бағалады.

Қазақстан 2050 жылға дейінгі түрлі кезеңдерде жанжалсыз тұрақты даму перспективасын бағалау бойынша алдыңғы қатарға сөзсіз шығады.

Тұрақты даму турасында айтқан кезде біз бірқатар өңірлердің өзара бәсекелестікке толы экономикалық әрі саяси жүйесінің бар екендігі фактісін ескердік. Мәселен, Қытай мен Қазақстан, ал Еуропада тіпті толықтай кешенді бәсекелестік жүйе бар десек те болады. Іс жүзінде барлық бағалаулар мен ұстанымдар бойынша Қазақстан басқа мемлекеттермен бірге көтеріліп келе жатқан елдермен бірдей 10 немесе 5 көшбасшы қатарына кіреді.

- Сіз көптеген елдерде 2050 жылға дейінгі өздерінің даму стратегиясы бар деп отырсыз. Ал олардың қазақстандық «Стратегия - 2050» бағдарламасынан айырмашылығы неде?

- Мен қарап шыққан басқа құжаттарға қарағанда, Қазақстан стратегиясы декларативті емес. Ол бүгінгі таңда қол жеткізілген көптеген жайттарға арқа сүйейді және де ұзын-ырғасы бұл даму толығымен орын алатын жайт. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, бұл өте маңызды. Стратегия жарияланымдары ұзақмерзімді, 2050 жылға дейін - бұл әркезде де зор қауіп.

Қазақстандық стратегия бірінші кезекте шынайы, екіншіден, басқалардан жан-жақты қарастырылғандығымен, интеграциялық процестердің айқын паш етілумен ерекшеленеді. Қазақстанда мемлекет үшін төзімділік идеясы стандарттарына негізделген ауыртпайтын ықпалдастық жоспарланып отыр. Стратегия ұлттық не болмаса ұлшылдық принциптер бойынша емес, керісінше, барлық мүдделерді ескере отырып жасалған. Сіздің Стратегияларыңыз қазақстандық шынайылықты кері қайтара отырып, өз едінің аумағынан тысқары шығып кеткендігі маңызды. Ол Қазақстанның дамуының бір бөлшегі ретінде Орталық Азияда және Еуропа өңірлерінде қарастырылуда. Менің көзқарасымша, мемлекеттің даму тұжырымдамасын дәл осындай үлгіде көрсету үшін барынша зор саяси көзқарастың болуы қажет. Бұл қошемет үшін айтылған сөз емес, керісінше шынайы бағалау.

Міне осы екі негізгі пункт шынайылық пен ықпалдастық қазақстандық даму тұжырымдамасын басқа стратегиялардан ерекшелеп тұр.

- Қазақстандық конфессияаралық және этносаралық төзімділік моделі жайында не айтар едіңіз?

- Төзімділіксіз ешқандай ықпалдастықтың орын алуы мүмкін емес. Сарапшылардың басым бөлігі баяндамада әлемдегі тұрақсыздандыру факторларының арасындағы негізгі қауіптердің бірі ретінде діни фундаментализмге дейін өршитін ұлтшылдықты, әрине одан кейін осының барлығынан туындайтын экстремизмді атап өткен-ді.

Біз сараптама жүргізген, оның ішінде ірі мемлекеттердің бірде-бірі негізгі мейнстрим ретінде төзімділік идеясын және оның негізінде ықпалдастықты жария етпейді. Қазақстанда болса, бүкіл әлем білетіндей бұл идеялар бұдан бірнеше жыл бұрын-ақ ұлттық саясаттың идеясы ретінде жария етілген болатын. Сіздердің елдеріңіз мұның жұмыс істейтіндігін көрсетіп берді. Көптеген елдерде мультимәдениет идеясы орын алған жоқ, біз оны Еуропадан көріп отырмыз, ал Қазақстанда жағдай мүлдем басқаша өрбиді. Тек қана «Стратегия - 2050»-де декларацияланған төзімділік идеясы бұған қоса шынайы іс-қимылдармен бекітіле түскен.

Экономикалық өсім мемлекетке мигранттар қатарын көптеп тарта түсетіндігін ескерген жөн. Бұл өте байыпты проблема. Міне осы кезде төзімділік идеясы өзін толық көлемде көрсетуі тиісті.

Соңғы жаңалықтар