16:29, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстан қор биржасында «ҚазМұнайГаз» компаниясының 10 пайыз акциясы 750 млрд теңгеге сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның (Астана) 58 420 748 KZ1C49280015 (KZ1C00001122, KASE ресми тізімі, екінші санат, KMGZ) акциясы ағылшын әдісімен 750 млрд теңгеге сатылды.
Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
Еске сала кетейік, ҚМГ-ның 58 420 748 немесе 10 пайыз акциясының алғашқы бағасы 749 млрд 980 млн теңге болған.
Сауда-саттыққа 2 қатысушы тіркелген болатын.