15:24, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы бір базистік сатыға түсіп, жылдық 1,74 пайыздық көрсеткішті құрады
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы 2011 жылғы 20 қыркүйекте бір базистік сатыға түсіп, жылдық 1,74 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.

"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.