11:48, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы екі базистік сатыға төмендеп, жылдық 1,63 пайыздық көрсеткішті құрады
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 10 мамырдағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты «KazPrime» индикаторы екі базистік сатыға төмендеп,

жылдық 1,63 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.