12:26, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы өзгермей, жылдық 1,65 пайыздық көрсеткішті құрады
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 6 мамырдағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты «KazPrime» индикаторы өзгермей,

жылдық 1,65 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.
"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.