12:21, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Қазақстан Кореямен түрлі салалардағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударып келеді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Кореямен түрлі салалардағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударып келеді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов бұл туралы кеше «Рэдиссон» қонақүйінде Корея Республикасының Ұлттық күніне орай өткен қабылдауда мәлім етті.
«Дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған 19 жылдың ішінде екі елдің арасында экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Қазір де елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас қарқынды, достық пен түсіністік рухында дамуда», деді вице-министр Д.Тұрғанов өз сөзінде.
Ол сондай-ақ, биыл өткелі отырған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға серпін беретіндігіне сенім білдірді.