18:26, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Қазақстан Кореяның шешімін қолдайды - СІМ
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАпарат - Қазақстан Корея халықтық демократиялық республикасының ядролық қаруды сынақтан өткізуге мараторий жариялау жөніндегі шешімін қолдайды.

Бұл мәлімдемені бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибулаев жария етті.
«Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, әлемдегі ең үлкен ядролық қаруды сынау аймағы - Семей полигонын жапқан ел ретінде барлық ядролық сынақтардың тоқтатылуын қалайды. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі Корея халықтық демокатяилық республикасының ядролық қару-жарақты санауға мараторий жариялау жөніндегі шешімін, сондай-ақ уранды байыту жұмыстарын тоқтатуға байланысты жұмыстарын қолдайтындығын жариялайды», - деді А.Әбибулаев.