Қазақстан Көшбасшысының жоғары саяси жігерінің арқасында жаһандық антиядролық диалог жандана түсті - Итальяндық сенатор Л. Дини

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 12 қазан күні Рим қаласында Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Халықаралық істер және босқындар мәселелері жөніндегі Италия Сенаты комиссиясының төрағасы Ламберто Динимен кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында итальяндық саясаткер Қазақстанның халықаралық істердегі рөлінің артып келе жатқандығын айрықша атап өтті. Астана және Рим арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі арта түсуінің маңыздылығына тоқталды.

Л.Динидің пікірінше, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан ерікті түрде бас тартуы, осы күнге дейін жасалмаған маңызды қадам болып табылды. Қазақстан Көшбасшысының жоғары саяси жігерінің арқасында бүгінде жаһандық антиядролық диалог жандана түсті.

Жалпы, Л.Дини Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси және экономикалық өзара қарым-қатынас және қауіпсіздік мәселелері бойынша еуразиялық және еуропалық платформалардың жақындасу процесіне қосқан қомақты үлесін атап өтті.

А.К.Елемесов өз жағынан, Қазақстанның және Италияның жоғарғы және парламентаралық деңгейдегі саяси диалогын одан әрі жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

1995-96 жылдары Ламберто Дини Италияның Үкіметін басқарды, ал 1996-шы жылдан 2001-ші жылға дейін Италия Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымын атқарды. Еуропалық саяси шолушылардың бағалаулары бойынша, Л.Дини итальяндық саяси истеблишменттің жетекші өкілдерінің бірі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар