Қазақстан құрамасы Австрияда өтетін арнайы Олимпиада ойындарына қатысады

«6 спорт түрінен жарыс жолына шығатын 28 спортшысы бар қазақстандық құрама, сонымен бірге жетекшілер мен жаттықтырушылар және техникалық қызметкерлер осынау Дүниежүзілік ойындарға және жеңіске жетуге дайын», - делінген команданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Арнайы Олимпиада ойындары 18 наурыз күні ресми түрде ашылады. 107 мемлекеттен келген 2700-ге жуық спортшы мен 1000 жаттықтырушы Шладминг қаласының Планай стадионында өтетін ашылу салтанатына қатысады. Айта кетерлігі, дәл осы стадионда қысқы спорт түрлерінің Әлем кубогының кезеңдері өтеді. Есте болса, 2013 жылы FIS Alpine Ski World чемпионаты да осы стадионда өткен болатын.
Дүниежүзілік ойын 14 наурыз бен 25 наурыз аралығында флорбол, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, тау шаңғысы сынды 9 спорт түрінен өтеді. Барлық жарыстарды көру тегін.
Айта кетерлігі, халықаралық спорт шарасы аясында инклюзивті білім беру және спорт мәселелері жөніндегі жаһандық форум өтеді. Оның жұмысына Қазақстан атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Бәлиева, «Спешиал Олимпикс Қазақстан» бас директоры О.Бахараева қатысады.
«Спешиал Олимпикс» Қазақстан» ҚБ (бұдан әрі - СОҚ) республикалық қамқоршы спорттық ұйым, оның негізгі мақсаты интеллектуалдық дамуы бұзылған адамдардың спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы олардың қоғамның нағыз мүшесі болуына көмектесу болып табылады.
СОҚ миссиясы интеллектуалдық дамуы бұзылған адамдарға арналған көптеген Олимпиадалық спорт түрлерінен жыл сайынғы спорттық жаттықтыруларды және жарыстарды ұйымдастыру, оларға дене шынықтыру тұрғысынан дамуға, ерлікті көрсетуге, өздерін бақытты сезінуге мүмкіндік беру деп табылады.
Спешиал Олимпикстың философиясы интеллектуалдық дамуы бұзылған адамдар дұрыс және шыдамдылықпен үйренгенде дене шынықтыру, әлеуметтік және рухани дами ала алады деген сенімге негізделген.
Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарында көрсеткен жетістіктері:
1991 - жазғы ДАОО. 3 медаль: 1 күміс, 2 қола.
1993 - қысқы ДАОО. 23 медаль: 7 алтын, 10 күміс, 6 қола.
1995 - жазғы ДАОО. 70 медаль: 22 алтын, 31 күміс, 17 қола.
1997 - қысқы ДАОО. 34 медаль: 22 алтын, 7 күміс, 5 қола.
1999 - жазғы ДАОО. 48 медаль 18 алтын, 17 күміс, 13 қола.
2001 - қысқы ДАОО. 16 медаль: 7 алтын, 6 күміс, 3 қола.
2003 - жазғы ДАОО. 39 медаль: 16 алтын, 14 күміс, 9 қола.
2005 - қысқы ДАОО. 11 медаль: 7 алтын, 3 күміс, 1 қола.
2007 - жазғы ДАОО. 49 медаль: 24 алтын, 8 күміс, 17 қола.
2009 - қысқы ДАОО. 41 медаль: 21 алтын, 9 күміс, 11 қола.
2011 - жазғы ДАОО. 88 медаль: 18 алтын, 37 күміс, 33 қола