Қазақстан құрамасы Германияда өтетін 50-ші халықаралық математикалық олимпиадаға қатысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығына сілтеме жасап.
Құрамаға алтыншы сыныптың алты оқушысы кіріп отыр. Олар - талдықорғандық Қанат Сатылханов пен Нұрсұлтан Қажымұратов, ақтөбелік Санжар Оразбаев, павлодарлық Егор Клочков және алматылық Біржан Молдағалиев пен Төлеби Сайлауовтар.
Екі аптаға созылатын олимпиадаға (шілденің 12-22-сі аралығы) 100-ден астам елдің өкілдері қатысуда.
Бремен университетінде өтетін олимпиаданың жабылу рәсімінде келесі жылғы олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстанның таныстырылымы өткізіледі. Қазақстан делегациясына 2010 жылы өтетін халықаралық математикалық олимпиаданың эстафетасы табыс етіледі.
Халықаралық математикалық олимпиада алғаш рет 1959 жылы Румынияда өткен. Сол олимпиадаға Мажарстан, Болгария, Польша, Чехословакия, Германия Федеративтік Республикасы және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қатысты. Кейіннен олимпиадаға қатысушы елдердің қатары көбейіп, оның өткізілу географиясы кеңейе түсті.