Қазақстан-қырғыз шекарасында «Ауқатты» бақылау-өткізу бекеті ашылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.  Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -    Жамбыл облысының Қордай ауданындағы   «Қордай» бекетінде  жұма күні   «Ауқатты»   жаңартылған  бақылау-өткізу бекетінің салтанатты ашылуы болды.
None
None

 «Екіжақты «Ауқатты»   бақылау-өткізу бекетінің   ашылуы - сыртқы экономикалық  байланысты  жолға қоюдағы,    Қазақстан  мен Қырғызстанның   арасындағы  достық пен ынтымақтастықты   нығайтудағы  кезекті  саты»,  деп    атап көрсетті  салтанатты  шарада сөз  сөйлеген    Жамбыл  облысы  бойынша кедендік бақылау  департаментінің бастығы   А.Нұғманов.

 Ашылып  отырған  бақылау-өткізу бекеті     тауарлардың  арлы-берлі  қозғалу  үдерісін   оңтайландыру  үшін  «Ортақ аялдама»   қағидасы   бойынша жұмыс істейтін  болады. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар,  жеке  тұлғалар,  экспорттық-экспедициялық  компания    шекарадағы  барлық    қажетті  амалдардан бір    жерден және      барынша  қысқа  уақытта  өтетін  болады,  бұл бастама    сауда-экономикалық  байланыстарды әрі  қарай   дамытуға  және     көрші елдің арасындағы тауар  айналымын  арттыруға сеп болады»,  деп  атап  көрсетті А.Нұғманов.

Соңғы жаңалықтар