Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бірқатар бекеттердің жұмысын қалпына келтіреді

АСТАНА. Тамыздың 16-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бірқатар өткізу бекеттерінің жұмысын қалпына келтіреді. Бұл туралы бүгін Үкіметте қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша өткен кеңесте мәлім болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында Үкімет басшысы еліміздің шекарашылары мен кеден органдары қызметкерлеріне қырғыз елімен шекараға қосымша өткізу бекеттерін ашуға болатын орындарды қарастыру жөнінде тапсырма жүктеді. «Сіздер келіскен орындарды қырғызстандық әріптестермен талқылайсыздар, келісесіздер, сосын мен сол жерге қосымша бекеттер ашуды тапсыратын боламын», деді К. Мәсімов.

Өз кезегінде бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев тараптар аталмыш мәселені қарастырып жатқанын, жақын күндері тиісті шешім қабылдануы мүмкін екендігін жеткізді. «Кеден одағының құрылуымен байланысты бізде қырғыз шекарасында 12 өткізу бекеттері болып еді, қазір соның 3-еуі ғана жұмыс істеуде. Қалған бекеттерді де ашу мәселесі пісіп-жетілді, біз жақын аралықта тиісті шешімді қабылдайтын боламыз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар