Қазақстан қысқа тарихи кезеңде дамуының бірегей моделімен күшті мемлекетке айналды - Иордания ханзадасы Хасан бен Талал
Кездесуде Қазақстан мен Иорданияның екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Ханзада Хасан бен Талалға жолдаған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы жылы мамыр айында Астанада өтетін ІV Съезіне қатысуға ресми шақыруын тапсырды.
Әңгіме барысында Иордания Ханзадасы бұрынғы Кеңес Одағының евразиялық бөлігінде жаңадан құрылған Қазақстанның айрықша даму моделінің, жемісті трансформациялық стратегиясының, 20 жыл ішінде құрылған елдің жаңа инфраструктурасының әсіресе мемлекеттің жаңа Астанасының берік негізін қалануының және басқа да тамаша жетістіктерін атап өтіп, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуын жаһандық тұрғыда ілгерілетудегі Қазақстанның қадамдарын жоғары бағалады. Сонымен бірге, Король Абдалла ІІ-нің Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған ізгі тілектестігін жеткізді.
Ол, сондай-ақ, Иордания экологиялық және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қозғалатын «Батыс Азия-Солтүстік Африка» форумын өткізу бастамасын көтергенін хабарлады.