13:44, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Қазақстан Қытай көкөністерінің аса ірі импорттаушысы
БЕЙЖІҢ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде өндірілетін көкөністердің ірі импорттаушысы болып табылады,

деп хабарлады Үрімші кедені.
2011 жылдың бірінші тоқсанында ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен көкөністерді импортқа шығару құны 12 млн. АҚШ долларына жақын 6 600 тоннадан асып жығылды. Сөйтіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48,7 пайызға артты.
Оның үстіне, «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстанға шамамен 5000 тонна көкөніс жеткізілді. Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отырғандай, Шынжаң көкөністеріне экспорттың артуы Орталық Азия базарларында көкөністерге сұраныстың жоғарылығында және Шынжаңда өндірілген көкөністердің жоғары сапасында.